"Төтенше жағдайжы жою жұмыстары Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың бақылауында. Тау-кен құтқарушылары ауыстырылды."Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының басшылығымен тау-кен құтқарушыларының жаңа ауысымының алдына міндеттер қойылды. Сағат 22:40-та бесінші тау-кен жұмысшысының денесі табылды. Іздестіру жұмыстары апат болған учаскедегі түтінмен және жоғары температура салдарынан қиындаған болатын. Тау-кен құтқарушылары өрт ошақтарын сөндірудің белсенді кезеңіне кірісуде", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу