ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өртті таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.
Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан кеншілер Виктор Бургун мен Виталий Слюньков жер қойнына тапсырылды. Өлі денесі ең бірінші табылған Денис Стешин кеше жерленген. Соңғы екі кеншімен қоштасу рәсімі ертеңге жоспарланған.