"Қазақстан" шахтасындағы өрт: Қаза болған кеншінің аты-жөні белгілі болды

1239

Қалған жұмысшыларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қазақстан" шахтасындағы өрт: Қаза болған кеншінің аты-жөні белгілі болды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл). Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз", делінген "АрселорМиттал Темиртау" мәліметінде.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетіледі", дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Сондай-ақ, компания апат себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 227 кеншісі бар "Казахстанская" шахтасы өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу