Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы "Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккен екі адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасында жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында 227 кеншісі бар "Казахстанская" шахтасы өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу