Қазақстан шайды қайдан импорттайды?

1119

Биылғы бірінші жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шай импорттады.  

Қазақстан шайды қайдан импорттайды? Фото: Слово и Дело

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Негізгі жеткізушілер Кения – 4,8 мың тонна, Үндістан – 4,7 мың тонна, сондай-ақ Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тоннадан. Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді.

Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.

Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай тұтынады (2023 жыл бойынша).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу