Шаңғы спортынан халықаралық федерациясының (FIS) хорватияның Дубровник қаласында өткен жыл сайынғы көктемгі конференциясында шаңғы спортынан 2019/2020 маусымға арналған жарыстар күнтізбесін бекітілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Күнтізбеге сәйкес Қазақстан шаңғымен трамплиннен секіру және фристайл спортынан жарыстарды қабылдайды.
2020 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Алматыда фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтеді. 2020 жылдың 29 ақпанында әлемнің үздік фристайлшылары Шымбұлақта жүлделер үшін таласса, 1 наурызда дәл сол жерде параллельді могулдан әлем кубогының кезеңі ұйымдастырылады. Әлем кубогының бірінші кезеңі Финляндияның Руккасында басталып, финалдық кезеңі швецияның Идре Фьяле елдімекенінде болады.
Шаңғымен трамплиннен секіруден құрлықтық кубок елімізде тағы да өтеді. Бұған дейін Алматыдағы "Сұңқар" кешенінде өткен жарыс, бұл жолы 2019 жылдың 11-14 шілдесінде Щучьеде ұйымдастырылады. Сол жерде сонымен қатар FIS Кубогы да болады.