Қазақстан шекаралас елдермен арадағы шектеулерді алып тастады

1065

Қазақстанның Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерімен арадағы құрлық шекарасындағы шектеулер алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан шекаралас елдермен арадағы шектеулерді алып тастады

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мұндай шешімді 6 сәуір күні қабылдаған.

Аталған құжатқа сәйкес, бүгіннен бастап шекаралас елдер арасында азаматтар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер тоқтатылды. Бірақ ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатынын есте сақтау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу