Солтүстік Қазақстан облысында Ресеймен шекарада 20 тонна контрафактілі алкогольдік өнім тиелген "Вольво" көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды бейсенбі күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Мекеменің ақпараты бойынша, танымал маркалы сыра толы жүк көлігі "Жаңажол-авто" бақылау-өткізу пунктінде тоқтатылған.
"Жүк құжатының болмауы оны ұстауға себеп болды", – деп түсіндірді баспасөз қызметі
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу