2016 жылдың басынан бері Қазақстан күнбағыс экспортын 42% - ға, яғни 219,1 мың тоннаға дейін өсірді, деп хабарлайды "Аграрный сектор".
Жыл бойы күнбағыс экспортының қарқыны бәсеңдеген жоқ. Маусымда экспортталған күнбағыс көлемі 21,8 мың тоннаға жетті. Мамыр айымен салыстырғанда көрсеткіш 0,9% пайызға өскен.
2016 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың маусым аралығында күнбағыстан Қазақстан экспорты 219,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 42% өскенін көрсетті.
Күнбағысты экспорттайтын елдер қатары артып келеді. Жыл сайын тек эксорт көлемінің 90 пайызы Қытай мен Өзбекстанға жөнелтілсе, осы жылы Иран Казақстаннан шемішке импорттады. Бұл бүкіл экспорттың 4 пайызын құрап отыр. Осылайша Иран импортер елдер қатарында үшінші орынға шықты. Маусымда майлыдақылдар Молодова мен Тогоға да жіберілді.