Қазақстан Шенген аймағының қара тізіміне енді

964

Жаңа ереже 1 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан Шенген аймағының қара тізіміне енді Фото: visaget.ru

Бұл туралы хабарлаған ratel.kz басылымы 1 наурыздан бастап Астана немесе Алматыда орналасқан Шенген аймағы елдерінің консулдығына виза алуға өтініш білдірген қазақстандықтар үшін Еуропаға кіру ережелері күрделене түсуі мүмкін екендігін жазды.

"Бүгінгі таңда Шенген келісіміне 27 мемлекет қатысады. Олардың әрқайсысының аумағында Шенген аймағының кез келген мемлекетінің консулдық мекемесі үшінші елдің азаматына берген визасы танылады.

Шенген визаларын беру тәртібін реттейтін негізгі құжаттардың бірі – бейресми түрде "Шенген қара тізімі" деп аталатын міндетті консультациялар тізімі. Бұл тізімге Ауғанстан, Эфиопия, Иран, Ирак, Сирия, Сомали, Тәжікстан және т.б. барлығы қырық мемлекеттер кіреді. Елді бұл тізімге енгізу критерийлері ешқашан ресми түрде жарияланған емес. Еуропалық шенеуніктердің мемлекеттегі лаңкестік қаупінің деңгейін, белгілі бір елдегі қоғамдық-саяси жағдайды және осы ел азаматтарының Еуропа мен Америкаға заңсыз көші-қон жағдайын ескереді деп болжауға болады", - деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, тізімге енгізілген елдің төлқұжаты бар азамат виза алу үшін құжаттар топтамасын тапсырған кезде тексеру процедурасы екі аптаға дейін созылады және визаны күту уақытын да арттырады.

"Бәлкім, отандық Сыртқы істер министрлігінде біраз ақпарат бар және неліктен Қазақстанды Сирия, Сомали және Оңтүстік Суданмен бір тізімге енгізгенін халыққа түсіндірер. Мысалы, Беларусьтің осы тізімде болуының себебі түсінікті", - деп жазылған мақалада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу