Қазақстан Шенген аймағының "қара тізіміне" енгізілді ме?

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.  

Қазақстан Шенген аймағының "қара тізіміне" енгізілді ме? Фото: gov.kz

Спикер біздің еліміз Еуропалық тараптан ресми хабарлама алмағанын атап өтті. Алайда, Сыртқы істер министрлігі 1 наурыздан бастап Қазақстан Шенген визасына құжат тапсыру кезінде қосымша консультациялар алатын елдердің тізіміне енгізілгенін растады.

"Сонымен бірге, Шенген келісімінде "қара" немесе "қызыл" тізім жоқ екенін атап өткім келеді, бұл - қалыпты жұмыс процесі. Түсіндіргендей, мұндай қадамды Шенген елдерінің бірі сұраған. Өйткені Еуропалық Одақ ережелеріне сәйкес, ЕО және Шенген аймағы виза алуға өтініш білдірген үшінші елдің азаматтары үшін қосымша консультациялар талап етуге құқылы. Мұндай консультациялар 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте визалық өтініштерді жалпы өңдеу үшін стандартты кезең бұрынғыдай – 15 күнге дейін сақталады, яғни іс жүзінде азаматтарымызға визаны қарау тәртібінде ешқандай өзгерістер болмайды", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, азаматтары үшін қосымша консультациялар міндеттелетін 40 ел бар. Бұл "қара тізім" емес, өйткені олардың арасында Еуропалық Одақпен тығыз қарым-қатынас орнатқан көптеген елдер бар. Олардың қатарына Орталық Азия мемлекеттері, Әзербайжан, Армения, Марокко, Тунис, Иордания, Вьетнам кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу