Қазақстан шетел экономикасының қандай секторларын қаржыландырды

1406

Ғылыми-техникалық салаға жасалған инвестициялар көлемі басым. 

Қазақстан шетел экономикасының қандай секторларын қаржыландырды

Ұлттық банк мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан 14,6 млрд долларды өзге елдің ғылыми-техникалық, кәсіби саласын қаржыландыруға жұмсаған. Оның ішінде 14,1 млрд доллар ірі компанияларды басқару бойынша кеңес беру қызметтеріне бөлінген. 

Ал тау-кен өндірісіне 5,1 млрд доллар салынған. Бұл соманың 3,8 млрд доллары металл рудаларын өндіруге, ал 2,1 млн доллары аталмыш салада техникалық қызмет көрсетуге жұмсалды. 

Қаржы және сақтандыру саласына салынған инвестиция көлемі 2,66 млрд долларды құрайды. Ал өзге елдердің өндіруші кәсіпорындарына Қазақстан 2,1 млрд доллар инвестиция құйды. Шикі мұнайды өндіру мен табиғи газ саласына бөлінген қаржы көлемі 906 млн доллар. 

2019 жылдың бірінші жартысында еліміз орман және балық шаруышылығы саласына 800 мың доллар, яғни, ең аз көлемде инвестиция салған. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Халықаралық инвестициялық бағдар" құжатына сәйкес Қазақстан шетел экономикасына 29 млрд доллар қаржы салғаны белгілі болды. Оның ішінде еліміз Нидерланд корольдігі экономикасына – 16,8 млрд доллар, Ұлыбританияға – 3,5 млрд доллар, Ресейге – 1,9 млрд доллар, Сингапурге 378,1 млн доллар инвестициялаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу