"Қазақстан ақпаратты жаңарту туралы халықаралық келісімге қол қойды. Бұдан былай біздің мемлекет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының автоматты салықтық ақпаратының бүкіләлемдік жүйесіне қосылады. Ол бізге не береді? Оның көмегімен біз өз еліміздің азаматтарының шетелдегі шоты мен активтері туралы мәліметті ала аламыз. Бұдан былай жемқорлар мен көлеңкедегілер шет елдерге ақшасын тыға алмайды", – Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстан осы міндеттемелерді алғаннан кейін бұл келісімнің толыққанды қатысушысы болып, шет елдермен ақпарат алмасу мәселесі жолға қойылады.
Аян Бекенұлы