Қазақстан шетелдегі азаматтар мен ұлттық бизнес мүддесін әрдайым қорғайды – Президент

1105

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті.  

Қазақстан шетелдегі азаматтар мен ұлттық бизнес мүддесін әрдайым қорғайды – Президент

Қазақстанның шет елдердегі елшілері көбейіп, дипломатиялық инфрақұрылымы кеңейе түседі, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Біздің сырты саясатымыз барынша прагматикалық. Қазақстан шетелдегі азаматтарымыздың және ұлттық бизнестің мүдделерін әр уақытта қорғайды. Биыл біз Болгария, Латвия, Эстония, Сербия, Словакия, Португалия және Швейцария астаналарында тұрақты тұратын елшілерді жіберу арқылы шетелдегі дипломатиялық инфрақұрылымымызды едәуір кеңейттік. Бұл процесс өзара түсіністік ұстанымымен жалғасатын болады", – деді Мемлекет басшысы Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде.

Сонымен бірге, Президент дипломаттарға сапалы инвестициялар тарту міндеті жүктелгенін еске салды.

"Ең маңызды басымдық – сыртқы саясатты "экономикаландырудың" жаңа деңгейін қамтамасыз ету. Дипломаттарға ел экономикасына сапалы инвестициялар тарту міндеті жүктелді. Біз өңірлік және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы бастамаларды қолдаймыз және насихаттаймыз. Бұл, ең алдымен, азиялық және еуро-азиялық қауіпсіздікті нығайту, ядролық және террористік қауіп-қатердің алдын алу", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу