Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту орталығына айналуы мүмкін

480

Сингапурлық компания Алматы облысының аумағында "G4 City" серіктес қалаларын жобалауға тартылды.

Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту орталығына айналуы мүмкін

Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы "G4 City" серіктес қалаларын жобалау бойынша ағымдағы жұмысты талқылап, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның сапасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Жергілікті атқарушы органдар, "SurbanaJurong" және Қазақстандық бизнес тарапынан жобаның бастамашысы "CaspianGroup"арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша ұсыныстар қаралды  деп жазады inbusiness.kz Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

"SurbanaJurongCityGlobal" бас директоры аталған жобаны іске асыру бүкіл облыстың дамуына серпін беретінін, сондай-ақ Қазақстан үшін шетелдік инвесторларды тарту орталығына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, келіссөздер аясында жаңа облыстағы жаңа әкімшілік орталық пен әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Қонаев қаласының жан-жақты дамыту мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.

Нина Ян Алматы облысы мен Қонаев қаласының білім беру және медицина, транзит және логистика, туризм мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кластерін дамыту үшін кең мүмкіндіктерге ие екендігіне баса назар аударды. Бұл бағыттар ірі инвесторларды қызықтыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "SurbanaJurong" тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады. Президентке Компанияның отандық инвесторлармен әріптестікте Алматы облысында жаңа "G4 City" серіктес қалаларын салу жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берілді. Сол кезде арнайы жоспар дайындалды, қала құрылысы құжаттарын әзірлеуді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруды, қолайлы инвестициялық ахуал жасауды көздейтін жобаны іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді.

Облыс әкімінің Нина Янмен кездесуі бұрын айтылған уағдаластықтардың қисынды жалғасы болды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижелері Алматы облысының, атап айтқанда Қонаев қаласының одан әрі үдемелі дамуына негіз болады.

Айта кетейік, Нина Ян ханым 2019 жылы SJCityGlobal компаниясының бас директоры болды. SurbanaJurong-ға келгенге дейін ол ascendas-Singbridge (ASB) тұрақты қалалық даму жөніндегі бас директор болды, ASB-нің урбанизация жобаларына және шетелдегі негізгі әзірлемелерге инвестицияларын басқаруға жауап берді.

Ол басқарған әйгілі жобалар Қытай-Сингапур Білім қаласы Гуанчжоу, Қытай-Сингапур инновациялық паркі Чэнду, Қытай-Сингапур Экологиялық қаласы Тяньцзинь және Астаналық Амаравати қаласы болды. Сондықтан Ян үкіметтер арасындағы ынтымақтастықтың күрделі жобаларымен таныс деп айтуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу