Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет – Президент

934

Парламент Денсаулық кодексін сессияның аяғында дейін қабылдайды.

Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Денаулық министрлігіне коронавиурс инфекциясын тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтіп, тәулігіне 20-25 мың тест алуды тапсырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс. Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет", – деген мемлекет басшысы дағдарыстан кейін де медицинаны дамытуға басымдыө берілетінін атады.

"Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын", – деді ол.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу