Қазақстан шетелге 21 млн АҚШ долларына шоколад сатқан

1976

Биыл отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінен өндіріліп, экспортталған тауардың 9 пайызы шоколад және кондитерлік өнімдері екен.  

Қазақстан шетелге 21 млн АҚШ долларына шоколад сатқан

Жыл басынан бері шетел нарығына сатылған шоколад өнімдерінен түскен пайда 21 млн АҚШ долларды құраса, ал кондитерлік тауарлар үшін Қазақстанға 42,6 млн доллар пайда түсірді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ең үлкен үлесі ұннан (31%) және өсімдік майынан (15%) жасалған тауарларға тиесілі.

Жалпы, биыл 9 айында қайта өңделген өнімдердің экспорт көлемі 757 млн АҚШ долларын құрады. Оның 77 пайызы (580 млн доллар) ұнға, өсімдік майына, сүт өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, күнжара, балық өнімдеріне, минералды және газдалған суларға, шоколадқа, макаронға және құс етіне тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу