Қазақстан шетелге 22,6 млн тонна шикі мұнай сатқан

119

Жеткізудің басым бөлігі Италия мен Францияға тиесілі болған. 

Қазақстан шетелге 22,6 млн тонна шикі мұнай сатқан

Қазақстан қаңтар-сәуірде 10,5 млрд долларға 22,6 млн тонна шикі мұнай экспорттаған, деп хабарлайды  LS.

Жеткізудің заттай көрінісі 2,2%-ға өскен, ал ақшалай көрсеткіші 6%-ға қысқарған.

Осы көрсетілген уақыт ішінде Италия 2,9 млрд долларға 6,2 млн тонна, ал Франция – 2,5 млн тонна (1,2 млрд доллар), Корея – 2,1 млн тонна (999,7 млн доллар), Испания – 1,6 млн тонна (775 млн доллар) қазақстандық мұнай сатып алған.

Сондай-ақ Швейцария 711,8 млн долларға 1,6 млн тонна , Нидерланд –  667,4 млн долларға 1,4 млн тонна, Румыния – 507 млн долларға 1,1 млн тонна, Түркия – 437,4 млн долларға 976 мың тонна, Грекия – 393,2 млн долларға 876,6 мың тонна, Қытай –  383,6 млн долларға 809,3 мың тонн мұнай сатып алған.

Сонымен қатар Қазақстан Үндістан, Малайзия, Израиль және Португалия елдеріне де мұнай сатқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу