"Қазақстан" шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды

691

Алматыдағы "Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды.  

"Қазақстан" шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: kazsan.kz

Бұл жаңалықты Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, шипажай заңсыз кепілден шығарылып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқартылды.

"2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды.2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды" - делінген хабарламада.

Несие беру барысында банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбеген. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді.

"Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды" - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны "жарамсыз деп тану" туралы сотқа жүгінді. 2023 жылы 12 желтоқсанда прокурордың талап арызын Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырды.

Осылайша, прокурорлардың араласуымен жалпы құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік шипажай заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу