"Қазақстан" шоколады қай елдерге сатылады

1016

Кондитерлік компанияның жалпы табысы 21,6 млрд теңгені құрады. 

"Қазақстан" шоколады қай елдерге сатылады Фото: satu.kz

Қазақстандық тәттілер өндірушісі "ЛОТТЕ Рахат" АҚ өткен жылды қорытындылап, қаржылық есептілікті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кондитерлік өнім әлемнің тоғыз елінде сатылды. 

Былтыр аталған компания барлық шығынды қоса алғанда 8,66 млрд теңге таза табыс тапқан, бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 пайызға көп. 

Компанияның өнімдері әлемнің тоғыз елінде сатылды:

Қазақстан -2023 жылы түсім 76,9 млрд теңге; 

Ресей - 11,17 млрд теңге;

Қырғызстан - 3,09 млрд теңге;

Өзбекстан-2,07 млрд теңге;

Моңғолия-368 млн теңге;

Тәжікстан - 305,59 млн теңге;

Германия-305,18 млн теңге;

Әзербайжан-34,8 млн теңге;

Ауғанстан - 23,78 млн теңге.

Айта кетсек, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ иесі Оңтүстік Кореяның "Lotte Wellfood" компаниясы. Аталған компания акциялардың 95,57% бақылайды, қалған 4,43% қазақстандық акционерлерге тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу