Қазақстан Швейцариямен бірлесіп жүрдек пойыз шығаруға ниетті

792

Қазақстан Швейцариямен бірлесіп жүрдек пойыз шығаруға ниетті

Қазақстан Швейцариямен бірлесіп жүрдек пойыз шығаруға ниетті. Астанада қос елдің іскерлер кеңесінің 4-ші отырысында "Қазақ инвест" тарапынан ресми Берн делегаттарына осындай ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Atameken TV.

"Қазақстан Темір жолы" тіпті "Штадлер групп" компаниясымен келісім жасалса, онда пойыздарды Ресей мен Қытайға экспорттаудың жолын қарастыруға дайын. Сондай-ақ, Альп тауынан жеткен бизнесмендерге туризм, мұнай-газ, түрлі-түсті металл және ауыл шаруашылығы саласында да ақша табуға мүмкіндіктің берілетіні айтылды.

Жалпы Астана мен Берн іскерлік әріптестігі 2006 жылдан бері орнаған. Тек әзірге алыс-беріс айтарлықтай көп емес. Былтыр небәрі 14%-ға өсім көрсетіп, 3 млрд долларды құраған. Ал 12 жылда тартылған инветиция 20 млрд доллар

Серіктестік энергетика, транспорт, инновация және медицина саласында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу