Шанхай ынтымақтастық ұйымында инвестициялық қор пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мүше мемлекеттер Қазақстан Республикасының ШЫҰ инвестициялық қорын құру туралы ұсынысын атап өтіп, оны одан әрі пысықтауды қолдады. Олар сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инвесторлар қауымдастығының регламентін бекітті", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, мүше мемлекеттер ұйымның инвестициялық әлеуетін толық көлемде ашу және осыған байланысты ШЫҰ Даму Банкі мен ШЫҰ Даму Қорын (арнайы шотты) құру мәселелері бойынша консультацияларды жалғастыру мақсатында жобалау қызметін қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу