Қазақстан СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті

615

Тараптар мамыр айында Сиань қаласында өткізуге жоспарланған алғашқы "Орталық Азия – Қытай" Саммитіне дайындық барысын талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға күш салуға дайын екендіктерін білдірді.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар ү.ж. мамыр айында Сиань қаласында өткізуге жоспарланған алғашқы "Орталық Азия – Қытай" Саммитіне дайындық барысын талқылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу