Қазақстан СІМ басшысы Мәскеуде дипкорпуспен кездесу өткізді

778

ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеудегі резиденциясымен Қазақстан Республикасында аккредиттелген 52 шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап  

Қазақстан СІМ басшысы Мәскеуде дипкорпуспен кездесу өткізді

"Қазіргі күрделі жағдайда біз елімізді жаңғырту стратегиясын дәйектілікпен жүргізіп жатырмыз. Бүгінде саяси реформалардың үшінші кезеңі іске асырылуда, оның шеңберінде қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылданатын болады. Қазақстан өз егемендігінің төртінші онжылдығына кіреді", - деді М.Тілеуберді.

Министр өз сөзінде Қазақстанның шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін және өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның басты басымдықтарының бірі көлік әлеуетін ілгерілету және еліміздің әлем өңірлерімен байланысын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Кездесуге келесі елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты: Австралия, Алжир, Ангола, Аргентина, Бангладеш, Бенин, Босния және Герцеговина, Буркина Фасо, Гана, Гватемала, Гренада, Дания, Джибути, Жаңа Зеландия, Замбия, Зимбабве, Ирландия, Исландия, Кения, Кипр, Колумбия, Конго, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Кот-д'Ивуар, Лаос, Люксембург, Мадагаскар, Мали, Молдова, Намибия, Непал, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сенегал, Сирия, Словения, Судан, Сьерра-Леоне, Танзания, Тунис, Уганда, Уругвай, Филиппин, Чад, Черногория, Чили, Шри-Ланка, Эквадор, Эль-Сальвадор және Эритрея.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу