Қазақстан СІМ басшысының Испанияға екі күндік іссапары басталды

941

Қазақстан СІМ басшысы Мадридте еуропалық және қытайлық әріптестерімен келіссөздер жүргізді.    

Қазақстан СІМ басшысының Испанияға екі күндік іссапары басталды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Испанияға "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесіне қатысу үшін екі күндік іссапары басталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында министр Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен және ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Мұхтар Тілеуберді Ж. Борреллді Еурокомиссияның Вице-президенті – ЕО Жоғарғы өкілі қызметіне кірісуімен құттықтады. Еуропалық кеңестің Президенті Дональд Тусктің ү.ж. мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапары Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасындағы жоғары деңгейдегі диалогқа айтарлықтай қарқын берді.

ЕО Жоғарғы өкілі, өз кезегінде, Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін ерекше атап өтіп, Ауғанстанға байланысты бітімгершілік күш-жігері үшін ризашылығын білдірді.

Еуропалық дипломатия басшысы ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы қаңтардағы Брюссельге алдағы сапарын және ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысын өткізуді құптады.

Жозеп Боррелл келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келуге дайын екендігін және Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне тезірек енуіне мүдделілігін растады. М. Тілеубердінің Ван Имен бірінші кездесуі барысында жоғары және жоғарғы деңгейдегі сапарлармен алмасу арқылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы, сондай-ақ БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ және АСЕМ сияқты көпжақты алаңдар шеңберінде өзара қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу