Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

797

ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті өз мандатын орындады және еліміздегі миссиясын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елімізге жұмыс сапарымен келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Засьпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстандағы жағдай туралы және 10 қаңтарда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясының қорытындылары туралы жан-жақты пікір алмасылды.

М. Тілеуберді С. Засьті елдегі жағдайдың қалпына келуі және конституциялық тәртіптің қалпына келуі туралы, сондай-ақ ү.ж. 11 қаңтарда Президент Қ. Тоқаевтың ҚР Парламентінде сөйлеген сөзінің мазмұны туралы хабарлады.

Қазақстан тарапы ұйымға терроризмге қарсы операцияны жүргізуге жәрдем көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 

Өз кезегінде, С. Зась ҰҚШҰ форматында Қазақстандағы ахуалды реттеуге жәрдемдесу бойынша жүргізілген жұмыс туралы хабардар етті және террористік, экстремистік және криминалдық элементтердің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарын тез арада жоюға үміт білдірді.

Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа өз дайындықтарын білдірді.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу