Қазақстан азаматтарына 15 елге бармау ұсынылды

158

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына байланысты азаматтарға арнайы ескерту жасады.  

Қазақстан азаматтарына 15 елге бармау ұсынылды  Фото: gov.kz

Ведомство мәліметінше, өңірдегі қауіпсіздік жағдайының шиеленісуі мен бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты қазақстандықтарға әскери қақтығыстар толық тоқтап, жағдай тұрақтанғанға дейін Таяу Шығыстың бірнеше мемлекетіне барудан бас тарту қатаң түрде ұсынылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

СІМ ұсынған елдер тізіміне Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия кіріп отыр.

Сонымен қатар министрлік аталған өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Азаматтарға қауіпті аудандарға бармау, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң орындау және зымырандық қауіп туындаған жағдайда бірден паналау орындарына бару ұсынылды.

СІМ сондай-ақ қазақстандықтарға Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуды еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу