Қазақстан-Сингапур тікелей авиамаршрутын ашу мәселелері талқылануда

620

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сингапурға сапары аясында "Changi Airport Group" компаниясының бас директоры Ли Сеу Хианмен кездесті.  

Қазақстан-Сингапур тікелей авиамаршрутын ашу мәселелері талқылануда Фото: Аргументы и Факты

Жүздесу барысында Сингапур-Қазақстан тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Changi әуежайы Сингапурдың негізгі әуе қақпасы саналады. Ол - жолаушыларға қызмет көрсету жүктемесі бойынша әлемдегі алтыншы, ал Азия көлемінде екінші әуежай.

Сингапурлық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында қолайлы инвестициялық ахуал жасауда айтарлықтай прогреске қол жеткізілгенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу