Қазақстан Сирия дағдарысын реттеу бойынша өз ұстанымын мәлім етті

2563

Қазақстан Сирия дағдарысын реттеу бойынша өз ұстанымын мәлім етті

Сириялық дағдарысты шешудегі ең дұрыс жол  – дипломатия.  Бұл туралы бүгін "Қазмедиа" орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Толықтай алғанда, Қазақстан Астанадағы алдағы кездесуде (Астана процесі) БҰҰ қамқорлығымен Женева келіссөздері аясында сириялық жанжалдың жан-жақты қамтымды шешімі үшін қажетті барлық жағдай жасауға ұмтылады. Осыған орай Астанадағы бұл келіссөздерге қарым-қатынасымыздың түбегейлі сәттерінің бірі, біз оны Женева келіссөздері процесіне балама ретінде қарамаймыз. Керісінше, оны толықтыратын элементтердің бірі деп санаймыз. Осыған пара-пар әдісті БҰҰ да ұстанады. Осы жылдың 20 қаңтарында Қауіпсіздік кеңесі Астана кездесуін сириялық саяси процесті ілгерілететін маңызды бөлік және осы жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ қамқорлығымен келіссөздерді жаңғыртуға апаратын жолдағы маңызды қадам ретінде санайтындығын мәлімдеді", – деді Василенко. 

Сонымен қатар ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия дағдарысын саяси реттеу процесіндегі  Астана кездесуіне (Астана процесі) жоғары сенім артып отырғандығын айтты.

"Бұл кейбір сарапшылар мен саясаттанушыларға бүгін Астанада басталатын кездесуді өз коментарийлерінде "Астана процесі" деп атауларына белгілі бір деңгейде негіз береді. Бұған қоса, біздің ұстанымымыз сириялық дағдарысты шешудегі ең дұрыс жол – дипломатиялық күш-жігер болып қала бермек", – деді ҚР СІМ орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу