Қазақстан Сирияға әскер жібермейді

762

 Қазақстан Сирияға әскер жібермейді

Қазақстан Сирияға әскер жібермейді! Бүгін еліміздің сыртқы істер министрі осындай мәлімдеме жасап, Ресей басылымдары таратып жатқан күдікті ақпарға қатысты түсініктеме берді. Кешеден бері Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Думаның қоғаныс істері жөніндегі комитетінің басшысы Владимир Шамановтың сөзіне сілтеме жасап, Қазақстан Таяу Шығыстағы соғыс жүріп жатқан аймаққа әскер жібереді дегенді жазып жатыр. Бірақ сыртқы істер министрі Қайрат Әдірахманов ешқандай келіссөздің жүргізілмегенін жеткізді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР сыртқы істер министрі:

"Бізге ресми түрде ешқандай ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінің қарары қабылданып, біріккен ұлттар ұйымының мандаты берілсе, осы бітімгершілік күштерге, сосын бізге нақты ұсыныстар түссе біз әрине егжей тегжейлі қарастырамыз. Ол үшін екі жыл болды бізде бітімгершілік туралы заң қабылданды. Ол жерле түрлі принциптер, әртүрлі қатысулардың тәртібі сол жерде бекітілген"

Ресей Думасының Қоғаныс ісері жөніндегі комитетінің басшысы Владимир Шаманов Қазақстанмен бірге қырғыз әскерінің де Сирияға аттанатынын айтқан еді. Тіпті қазір қос елмен ресми келіссөз жүргізіліп жатыр деп ашық мәлімдеген. Алайда ресми Бішкек те мұны жоққа шығарды. Дегенмен, Түркиядан жеткен хабар да бар. Оған сенсек, Ресми Анкара өкілі Ибрагим Калын Ресейдің Сириядағы өкілі Александр Лаврентьевпен осы мәселе бойынша келісім жүргізіп жатыр екен.

Владимир Шаманов РФ мемлекеттік думасы қорғаныс істері жөніндегі комитетінің төрағасы:

Қазіргі таңда Ресейдің әскери полициясы Сириядағы шиеленісті шешуге атсалысу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, біздің Қазақстан мен Қырғызстан секілді әріптестерімізге де Сирияға жауынгерлерін жіберу мәселесі ұсынылды. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Әзірге шешім қабылданған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу