Қазақстан Сирияға гуманитарлық жәрдем беру туралы қарарды қолдайды

738

Қазақстан Сирияға гуманитарлық жәрдем беру туралы қарарды қолдайды

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі басым дауыспен Сирияға гуманитарлық жәрдем беру туралы 2165 қауіпсіздік кеңесі қарарының мерзімін 1 жылға ұзартты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Аталған резолюцияның Сирияның солтүстігі мен шығысындағы 3,5 миллион халқын гуманитарлық көмекпен қамтып отырғандығын ескере отырып, Қазақстан аталған құжатты дауыс беріп, қолдады.

"Қазақстан Сириядағы гуманитарлық жағдайдың жақсаруына бағышталған халықаралық қауымдастықтың барлық іс-шарасын қолдайды", - делінген Қазақстан делегациясының мәлімдемесінде.

Дегенмен, Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Гуманитарлық басқармасынан мониторинг пен ашықтық механизмдерін жақсартуда барлық күш-жігерін салуды өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу