Қазақстан словакиялық компаниямен атом саласында ынтымақтастық орнатпақ

145

ҚазАтомӨнеркәсіп меморандумға қол қойды.

Қазақстан словакиялық компаниямен атом саласында ынтымақтастық орнатпақ Фото: gov.kz

Ұлттық компанияның мәліметінше, меморандум Словакияның атом электр станцияларына табиғи уран концентраты мен уран диоксиді (UO₂) түріндегі ядролық отынды жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл келісім – біздің еуропалық серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Словакия үшін атом энергетикасы – тұрақты әрі сенімді энергия көзі. Сондықтан біз бұл әріптестіктің ұзақмерзімді әрі өзара пайдалы боларына сенеміз", – дейді ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Slovenské elektrárne компаниясы – Словакиядағы бүкіл атом электр стансаларының бірыңғай операторы. "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық компаниясы бұған дейін швейцариялық Axpo Power AG, франциялық Orano және Framatome сияқты бірнеше еуропалық компаниямен осыған ұқсас құжаттар бекіткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу