Қазақстан SPECA бағдарламасының 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты

396

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынылды.

Қазақстан SPECA бағдарламасының 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ағымдағы жылғы 22-25 қараша аралығында Баку қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың қатысуымен "Орнықты даму мақсатында өңірлік ынтымақтастық" тақырыбында SPECA-ға қатысушы елдердің қатысуымен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрме  өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынылды.

Өнімдер металлургия өнеркәсібінен, оның ішінде қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен ұсынылған.

Сонымен қатар, қазақстандық стендке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, оның ішінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу