"Қазақстан" спорт сарайының қызметі уақытша тоқтатылады

695

"Қазақстан" спорт сарайының тірек конструкциялары мен ғимарат түйіндеріне кешенді тексеру жүргізілген.

"Қазақстан" спорт сарайының қызметі уақытша тоқтатылады

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" спорт сарайының қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Astana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Хабарланып отырғандай, "Қазақстан" спорт сарайының тірек конструкциялары мен ғимарат түйіндеріне кешенді тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесі бойынша бассейн конструкциясының апат алдындағы жай-күйі туралы қорытынды алынып, бассейн қабырғаларының салмақ көтеру қабілеттілігі мен экплуатациялық жарамдылығының айтарлықтай төмендегені туралы дәлелдер келтірілген. "Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын орындамау және жекелеген конструктивтік бөліктер мен элементтердің бастапқы сенімділігінің төмендеуінен конструкцияны монтаждау технологиясының бұзылуы себебінен іргетастардың, қаңқаның және ғимараттың қоршау конструкцияларының техникалық жай-күйі тұтастай алғанда III санат бойынша бағаланды. Атап айтқанда, нысанның барлық көтергіш металл конструкциялардың қосындылары, ғимараттың қасбеті, шатыры, бассейн тостағандары назарға алынды", - делінген хабарламада.

"Қазақстан" спорт сарайы 2001 жылы пайдалануға берілген. Алайда содан бері ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу