Жарыс 19-21 сәуір аралығында өткізілді. Оған әлемнің 15 мемлекетінен 85 биші қатысты. Дүбірлі додада ел намысын Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және Қарағанды облысының спортшылары қорғады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп өкілдері турнирде 7 медальды еншіледі. Олардың үшеуі – күміс, төртеуі – қола жүлде.
Жарыс қорытындысы бойынша отандық спортшылар биыл күзде Германияның Бонн қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Бишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Түсүпбекова дайындады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу