Қазақстан спортшылары атлетикалық ауылдарға қоныстанып жатыр

836

Жазғы Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Аталған ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады.

Қазақстан спортшылары атлетикалық ауылдарға қоныстанып жатыр

Азия ойындарына аттанған Қазақстан құрамасының спортшылары Джакарта мен Палембангтағы атлетикалық ауылдарға қоныстанып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы спортшыларының басым бөлігі 12 тамыз күні Алматыдан Джакартаға аттанған болатын. Спортшыларды журналистер мен жанкүйерлер және басшылық құрам сәт-сапар тілеп, АІВА академиясынан салтанатты түрде шығарып салды. 

Жазғы Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Аталған ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады, оның ішіндегі 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен  бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу