Қазақстан спортшылары Азия ойындарында тағы 3 қола медаль алды

533

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында тағы 3 қола медаль алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде жүлде жинауды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бүгін жағажай волейболынан ерлер құрамасы мен таэквондо құрамасының өкілдері Жансель Дениз (67 келіден жоғары) бен Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары) бірінен соң бірі жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жағажайшылар үшінші орын үшін кездесуде Иранды 2:0 есебімен ұтты.

Таэквондошылар жартылай финалға өтіп, өкініше қарай онда жеңіліс тапты. Алайда, 1/2 финалға шығу олар үшін қола жүлдеге кепілдік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу