Қазақстан спортшылары Ираннан жеңілді

1095

Волейболдан Қазақстан құрама командасы екінші ойынын өткізді.

Қазақстан спортшылары Ираннан жеңілді

Қытайдың Цзянмынь қаласында волейболдан ерлер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирінің екінші ойын күні өтті. Бұл турнирде Токио Олимпиадасына бір ғана жолдама ойнатылады.
Жауапты сында біздің волейболшыларымыз Иран құрамасына қарсы ойнап, ойсырай ұтылғанын sports.kz хабарлады. Қазақстандық спортшылар үш сетте де таза жеңілген. Жалпы есеп – 0:3 (26-28; 16-25; 18-25). Бұл Игорь Никольченко баптайтын команданың қатарынан екінші жеңілісі.

Еске сала кетейік, кеше жерлестеріміз Қытай құрамасына қарсы өткен матчта да алаң иелерінен осындай есеппен ұтылған болатын. Ертең, 9 қаңтар күні Қазақстан ұлттық құрамасы топтық іріктеу кезеңінде Қытай Тайбэйімен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу