15-17 ақпан күндері БАӘ-ге каратэден премьер-лига рейтингілік турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Лицензиялық жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады. Дубай төрінде Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев пен Дархан Асадәліовке сенім артылып отыр.
Үш спортшы да премьер-лига кезеңдерінде тұрақты түрде үштікке еніп жүр.
Премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы алғашқы кезеңі Парижде өтіп, Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу