Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Түркияда өткен ITF Futures турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құраған. Финалда Попко америкалық Себастьян Кордулды үш сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп: 6:4,3:6,6:3.
Сондай-ақ, жұптық сында да Дмитрий Попконың бағы жанды. Ол италиялық Рикардо Белоттимен бірге Эрнен Касанова/Томас Пучес жұбынан 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық теннисші жыл басынан бері үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
ITF Futures – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 1998 жылдан бері өткізетін ерлер арасындағы кәсіби теннисшілер турнирі. Бұл турнирде жиған ұпай ATP Challenger, АТР турларына өтуге мүмкіндік береді.