Қазақстан спортшысы рекорд орнатты

889

Қазақстан спортшысы рекорд орнатты

Тайпейде өтіп жатқан Универсиадада ауыр атлетіміз Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз бастапқыда 148 келі көтеріп, кореялық ауыр атлетке есе жіберген (153 келі). Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты. Бастапқыда ол 180 келіні , ал екіншісінде – 185 келіні көтерді. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық споршы 333 келі көтерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу