Қазақстан "Спутник V" вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алатын болды

1318

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарланды Ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы каналында.  

Қазақстан "Спутник V" вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алатын болды

Келіссөздер барысында Қазақстанға "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу барысында COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

"Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш–жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет", - деп атап өтті Асқар Мамин.

Айта кетейік, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөз өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу