Қазақстан статистика саласында халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды

309

Сарапшылар ресми статистиканы қалыптастырудың негіздерін егжей-тегжей зерделеді.  

Қазақстан статистика саласында халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды Фото: stat.gov.kz

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелері бойынша қорытынды есепті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сарапшыларының бағалауынша, "қарастырылған бағыттардың басым көпшілігінде Қазақстанның ресми статистикасы Ұйымның озық саясаты мен практикасына толықтай дерлік сәйкес келеді".

"Қарастырылып отырған пәндік салалардың басым көпшілігінде Қазақстанның ресми статистикасы ЭЫДҰ-ның озық саясаты мен практикасына толықтай дерлік сәйкес келеді", – делінген қорытынды есепте.

Қазақстанның негізгі жетістіктерінің қатарында  цифрлық статистикалық тіркелімдерді дамыту және оларды мемлекеттік органдардың деректерімен интеграциялау; әкімшілік деректерді белсенді енгізу және олардың сапасын арттыру; статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу процестерін цифрландыру сияқты бағыттар бар.

Тереңдетілген шолу 2023-2025 жылдары Ұлттық статистика бюросының бастамасымен жүргізілді. Оның аясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанға үш рет жұмыс сапарымен келіп, ресми статистиканы қалыптастырудың құқықтық, институционалдық, әдіснамалық және технологиялық негіздерін егжей-тегжейлі зерделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу