Қазақстан командасының мүшелері тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Дөңгелек стендтен" қола жүлдегер атанған Әсем Орынбай командалық есепте де үшінші орын иеленді. Ольга Панарина, Әсем Орынбай және Ангелине Мищук командалық сында үшінші сатыға табан тіреді. Бірінші орынды Қытай, екінші орынды Тайланд құрамалары еншілеген.
Жасөспірім қыздар арасында да Қазақстан командасы Қытай мен Үндістанға жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Ал жасөспірім ерлер арасындағы сында Эдуард Ещенко күміс медаль жеңіп алды. "Дөңгелек стентде" бақ сынаған Ещенко үндістандық Сингх Синхонға есе жіберді. Үшінші орын қытайлық спортшыға бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу