Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті

613

Республикалық слеттің аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы саясаты комитетінің төрағасы Ш.А.Байманов сөз сөйледі.  

Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті.

Іс-шараға онлайн-платформа арқылы интерактивті режимде елдің барлық өңірінен 300-ден аса жастар, соның ішінде 100-ден астам ТжКБ мен ЖОО жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жастармен жұмыс департаменттерінің директорлары, ЖОО проректорлары қосылды.

Ш.А.Байманов өз сөзінде студенттік қозғалысты 15 жылдығымен құттықтап, студент жастардың елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың өзін-өзі басқаруын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау бойынша және т.б. жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Г.Шиповских, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О.Т.Ордабаев, университеттер басшылығы және еліміздің студент жастары  кездесіп қазақстандық білімді дамыту және заманауи сын-қатерлердің білім сапасына әсерін, кадрлардың біліктілігін көтеру, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін жаңа форматта ашық талқылады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша ұсыным әзірленіп, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында  мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Одан басқа, слёт аясында "Ең үздік жастардың өзін-өзі басқаруы", "Дебаттық турнир" конкурсының жеңімпаздары, "Қазақстан алтын жастары" сыйлығының лауреаттары және т.б. арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу