С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің командасы бизнес инновациялар және студенттердің кәсіпкерлігі аясында өткен әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, қазақ елінің намысын қорғады, деп жазады inbusiness.kz.
Enactus KазАту командасы қала мен ауылдың ынтымақтастығы, жұмыс істейтін бизнес үлгісі, инновациялары және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі ауылшаруашылық жобасын ұсынған болатын.
Enactus Kazakhstan ұйымының президенті Альбина Ержанова атап өткендей, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ENACTUS командасы чемпионатқа қарқынды дайындалды. Алайда, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Тунис командасына финалға шығуға жол берді.
Халықаралық байқаудың финалистері – Тунис, Канада, Ұлыбритания және Египет студенттері. Египет құрамасы әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық студенттер екінші жыл қатарынан Enactus World Cup әлем чемпионатының жартылай финалистері атанып отыр. Өткен жылы Enactus 2021 байқауының ұлттық чемпионы Астана медицина университетінің командасы болған еді.
Екі жыл қатарынан онлайн форматта өткен Enactus әлем чемпионаты биыл 30 қазан мен 2 қараша аралығында Сан-Хуан мемлекетінің Пуэрто-Рико қаласында өтті. Ауқымды шара 32 елдің болашақ бизнес көшбасшыларының басын қосты. Жоғары деңгейдегі әлем чемпионатына қазылар алқасы ретінде халықаралық компаниялардың басшылары жиналды.