Қазақстан су секторына жеке инвестиция тартуға ниетті

97

Министр су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін жаңа тетіктер ұсынды.

Қазақстан су секторына жеке инвестиция тартуға ниетті Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның су секторына инвестиция тарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелламен кездесті.

Тараптар 2012 жылдан бері Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан және су секторындағы мемлекеттік реформаларды қолдауға бағытталған Су саясаты жөніндегі ұлттық диалог аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. Нұржан Нұржігітов ЭЫДҰ өкілдеріне республиканың су секторына жеке инвестицияларды тарту тетіктерін әзірлеуді ұсынды.

"Он үш жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде елеулі талдамалық және заңнамалық нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ЭЫДҰ қолдауымен жаңа Су кодексі және Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Диалог пен негізделген шешімдерді бірлесіп іздеу су саласын басқарудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу