Қазақстан су тапшылығына тап болуы мүмкін

2140

Үкіметте су ресурстарын басқарудың тұжырымдамасын таныстырылды.  

Қазақстан су тапшылығына тап болуы мүмкін

Үкімет отырысында су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырған кезде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан 2040 жылға қарай су тапшылығына тап болуы мүмкін екенін ескертті. 

"Халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы су тұтыну көлемі 2040 жылға қарай 56%-ға өседі. Ал жыл сайынғы су тапшылығы 12 мың текше метрді құрауы мүмкін", – деді министр. 
Оның сөзінше, су тапшылығына көрші мемлекеттерден келетін су көлемінің азаюы себеп болады. 
"Дүниежүзілік ресурстар институтының бағалауы бойынша Орталық Азия елдері су тапшылығы жоғарғы елдер қатарына жатады. Бұл тізімде Қазақстан да бар", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, ескірген инфрақұрылым, сапалы судың тапшылығы, тариф есептеуде қолданатын тетіктің әлсіздігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және көршілес мемлекеттермен су бөлу кезінде туындайтын түсініспеушіліктер су ресурстары саласының өзекті мәселесі саналады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу