Қазақстан су тасқыны кезеңінде Ресей және Қытайдан ақпарат алмасып отырады

274

Су дипломатиясы су тасқыны кезінде де, суару маусымы кезінде де маңызды.

Қазақстан су тасқыны кезеңінде Ресей және Қытайдан ақпарат алмасып отырады Фото: astanatv.kz

Cу тасқыны кезеңінде Қазақстан көршілес Ресей және Қытай елдерімен өзара ақпарат алмасып отырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан негізгі трансшекаралық өзендердің (Ертіс, Іле, Шу, Талас, Сырдария, Жайық) төменгі ағысында орналасқан ел ретінде сумен қамтамасыз ету мәселелерінде көрші елдерге тәуелді. Сондықтан көрші елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту негізгі фактор болып табылады. Бүгінгі күні трансшекаралық өзендер саласындағы барлық іргелес елдермен жұмыс істеп тұрған бірлескен комиссиялар мен жұмыс топтары шеңберінде су дипломатиясы жалғасуда",  деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Министрлік бүгінде Ресей және Қытай елдерімен су тасқыны кезіндегі іс-әрекет келісілгенін мәлімдеді.

"Су дипломатиясы су тасқыны кезінде де, суару маусымы кезінде де маңызды. Қазір ол жоғары деңгейде деп айта аламыз және көрші елдермен келіссөздер бойынша қиындықтар жоқ. Су тасқыны кезеңін өткізу бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы құрылды. Қазір жұмыс тобының құрамы, ережесі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Яғни, Қазақстан мен Ресей су тасқыны кезеңінде ақпарат алмасуға келісті. Қытаймен де су тасқыны кезіндегі жұмыс екі жақты келісім арқылы жүзеге асады",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу