Worldometers мәліметтеріне сәйкес, Орталық Азияның басқа да елдері сияқты Қазақстан суды көп тұтынады, деп жазады Inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейде бұл көрсеткіш 1,3 мың литрді құраса, Грузияда – 1,2 мың литр, Украинада – 604 литр, Ұлыбританияда – 348 литр.
179 елдің ішінде ең төмен көрсеткіштер Африка елдерінде тіркелген. Мысалы, Конго Демократиялық Республикасында суды тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда бар болғаны 34 литрді құраған.
Рейтингте Түркіменстан суды көп тұтынатын ел ретінде көш бастап тұр. Бұл елде жан басына шаққанда күніне 16,3 мың литр су пайдаланады. Үштікке Чили және Гайана елдері кірді.
Одан кейінгі орындарда Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан орналасқан.